Көрермен қауым [жұртшылық]

lat: Kórermen qaýym [jurtshylyq]

Кино, театр спектакльдерін, әртіс ойындарын, концерт, спорт жарыстарын көруге келген жұртшылық. Мереке алдында к ө р е р м е н қ а у ы м қазақ халқының ұлы перзенті, тұңғыш ағартушы ғалымы Шоқан бейнесімен тағы да дидарласады («Қаз. әдеб.»). Арада 40 секунд өткенде Асан таза жеңіске жетті. К ө р е р м е н қ а у ы м ду қол шапалақтап, ризалық кейіппен қошемет көрсетті («Лен. жас»). Астананың талғампаз к ө р е р м е н ж ұ р т ш ы л ы ғ ы сонда Зәбираның бұралған биіне де қатты қуанған еді («Қазақст. әйелдері»).